Спорт • 18 Шілде, 2022

Әлем кубогы Алматыда өтеді

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық конькишілер одағы (ISU) шорт-тректен 2022/23 жылғы Әлем кубогы кезеңдерінің күнтізбесі мен жарысты қабылдайтын қалалар тізімін жариялады. 

Әлем кубогы Алматыда өтеді

Шорт-тректен Әлем кубогының шымыл­дығы 2022 жылдың 28-30 қазан күндері Канаданың Монреаль қаласында түріледі. Ал маусымның соңғы жарысы 2023 жылдың 10-12 ақпан күндеріне жоспарланған. Бұл кезеңді Нидерландтың Дордрехт қаласы қабыл­дайды. Сондай-ақ Әлем кубогының екінші және үшінші кезеңдері 4-6 және 11-13 қараша күндері АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында, төртінші және бесінші кезең­дері Алматыда өтеді. Қазақстандағы кезеңдер 9-11 және 16-18 желтоқсан күндеріне жоспарланған. Айта кетейік, шорт-тректен Әлем кубогының кезеңдері Қазақстанда осымен екінші рет ұйымдастырылмақ. Бұған дейін Алматы қаласы 2018 жылғы мұз үстіндегі доданы өткізген еді.

Әлем кубогының кейінгі кезеңдерін Польшаның Гданск және Германияның Дрезден қалалары қабылдайды.