Қазақстан • 20 Шілде, 2022

Жер қойнауын пайдалану саласы жаңғыртылуда

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жер қойнауын пайдалану саласын цифрландыру жұмыстарын жүргізуде. Бұл бағыттағы процестер Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесе жүзеге асырылуда.

Жер қойнауын пайдалану саласы жаңғыртылуда

Цифрландыру жұмыстары 4 кезеңді қамтиды. Атап айт­қанда, қатты пайдалы қаз­ба­лар­ды бар­лауға лицензия бе­ру, қатты пай­далы қаз­балар­ды өндіруге ли­цен­зия беру, жер қойнауын пайдаланушы режіміне өту шеңберінде лицензия беру және жер қой­науын пайдалану туралы шарт­тарға түзетулер енгізу бойынша қосымша Келісімді бекіту сынды құжаттық ресімдер қа­рас­­тырылған.

Кейін аталған мемлекеттік қызметтерді қанатқақты жоба ая­сында электронды форматта жүзеге асыру жүргізіледі.

Жер қойнауын пай­да­лану саласын цифрландыру еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттырып, бұл тарапта қажетті құжаттар санын айтарлықтай азайтуға септігін тигізеді. Сонымен қатар бұл процесс түрлі әкімшілік кедергіге тосқауыл қойып, лицензия беру кезіндегі ашықтықты қамтамасыз етеді.