Әлем • 21 Шілде, 2022

Қытайда ер адамнан бубон обасы анықталды

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайда адамның бубон обасын жұқтыру дерегі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Қытайда ер адамнан бубон обасы анықталды

Науқас елдің солтүстік-батысындағы Иньчуань қаласының тұрғыны. Ол жуырда Ішкі Моңғолия автономдық ауданына барып қайтқан екен. Өткен аптада ер адам есінен танып, денесі қалтырап, денсаулық жағдай нашарлап кеткен.

Қазір өңірде эпидемиологиялық қауіпке әрекет етудің төртінші деңгейі жарияланды.

Айта кетейік, бубон обасы – жұқпалы ауру. Өлім көрсеткіші жоғары. Оны кеміргіштердің үстінде болатын бүргелер таратады. Ауру белгілеріне дене қызуының көтерілуі, бөртпе, лимфа бездерінінің ісінуі жатады.