Оқиға • 22 Шілде, 2022

Семейде кәріз құдығынан екі адамның денесі табылды

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейде кәріз құдығынан газ буынан уланып көз жұмған екі ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семейде кәріз құдығынан екі адамның денесі табылды

«Семейде кәріз құдықтарының бірінен екі ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар құдықта жиналған газ буынан уланған», делінген Семей қалалық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға «Роща» аялдамасына жақын жерде болған.

«21 шілдеде Затон полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оның аясында бірқатар сараптамалар тағайындалды және барлық мән-жайды зерттеу үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.