Аймақтар • 27 Шілде, 2022

Шымкентте есірткі саудалағандар ұсталды

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттік полицейлер есірткі саудасымен айналысқан үш күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте есірткі саудалағандар ұсталды

Олардың екеуі Достық шағын ауданында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен ұсталды. Олардан есірткі салынған екі полиэтилен пакет тәркіленді.

«Қарасора-2022» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Қайнарбұлақ тұрғын алабында полицейлер тағы бір ер адамды қолға ұстады.

«Сараптама қорытындысына сәйке,  жалпы салмағы 7 кг 188 грамм марихуана тәркіленді. Ұсталғандар бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталған», делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауда.