Қоғам • 03 Тамыз, 2022

Әмбебап білім беру платформасы адам құқығын қорғайды

152 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Азаптауларға ұшыраған адамдарға құқықтық қорғауды қамтамасыз ету қажеттілігінен туындаған, Қазақ­станда баламасы жоқ білім беру цифр­лы платформасын іске қосу биылғы қыркүйек айына жоспарланып отыр.

Әмбебап білім беру платформасы адам құқығын қорғайды

Бүкіл әлем қауымдастығын дүр сілкін­дірген еліміздегі қаңтар оқиғасынан ке­йін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев азаптау сияқ­ты ортағасырлық құбылыстарды жою­дың маңыздылығын атап өтті. Президент қазіргі таңда қоғам тарапынан ең көп талап етілетін талап – заңды қатаң сақтау болып табылатынын атап өтіп, Бас прокуратураға қаңтар оқиғасының нәтижелерін жан-жақты тексеру бойынша ауқымды тапсырма жүктеді. Осы тұрғыдан алғанда, тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде заң­ның үстемдігі мен азаматтардың құқықта­рын сақтауды қамтамасыз ету қажеттілігі маңызды болып қала береді. Мәселен, Бас прокуратураның ресми деректеріне сәйкес, 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаға байланысты прокуратура органдарына азаптау, қатыгездік көрсету және «заңсыз тергеу әдістері» туралы 301 арыз келіп түскен, бұл бойынша 243 қылмыстық іс қозғалған.

Бірқатар тәуелсіз құқық қорғау ұйымы­ның мәліметі бойынша, қазіргі уақыт­та азаптау немесе басқа да қатыгездік түр­леріне қатысты айыптаулар бойынша 9 шенеуніктің ұсталғаны белгілі. Азаптауды қолданды деген күдікке ілінген немесе айыпталған лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі алдын алу шараларын қол­дану туралы мәліметтер жоқ. Себебі азаптау немесе қатыгездік құрбандарының көпшілігі түрмеде болған кезде шағым беру механизмдеріне қолжетімділігі шектелген немесе өз құқықтарын қорғау мүмкіндігін мүлдем білмеген. Жәбірленушілер арыз бере алатын жағдайларда олар сотқа дейін­гі тергеу-тексерудің бірыңғай тізіліміне тір­келмеген.

Іске асырылып жатқан жобаның не­гізгі мақсаттарының бірі – білім беру бағ­дарламасын ұйымдастыру арқылы Қазақ­стан азаматтарына құқық қорғау орган­дарының азаптау немесе өзге де заңсыз әрекеттерімен күресу. Бағдарлама екі бө­лім­нен тұрады: бірінші бөлім полиция қызметкерлеріне бағытталған, келесі бөлімі азапталған адамдарға арналған. Оқу цифрлы платформада өтіп, азаматтар­дың құқықтарын қорғау механизмінде ұлт­тық және халықаралық құралдары, осы қылмыс үшін жауапкершілік, сонымен қатар еліміздің жетекші заңгерлерінің заң көмегіне тегін қол жеткізу туралы ақ­параттар бірыңғай ресурста орналастырылатын болады. Цифрлы платформада «Азаптамау құқығы» білім беру курсы орналастырылатын веб-сайт, мобильді қосымша, чат-боттар, сонымен қатар азаматтар «Онлайн-заң клиникасы» тегін заңгерлік кеңес қызметтері мен шұғыл психологиялық көмек көрсету құралдарына қол жеткізе алады.

– Бейнесабақтар топтамасы, құқық­тарды қорғау бойынша нұсқаулықтар, құ­қықтық құжаттардың үлгілері (арыздар, шағымдар) көпшілік назарына ұсынылады. Жоба аясында қоғамда кеңінен ақпараттық науқан жүргізілмек. Осылайша, біз жауап­ты мемлекеттік органдар мен халықара­лық ұйымдардың назарын Қазақстандағы азаптау фактілеріне аударуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғаудың құқықтық әдістері туралы құқықтық санасы артады, – дейді жоба үйлестірушісі Мирхат Серікбаев.

Құқық қорғау органдары қызметкер­лерінің азаптау фактілерінің алдын алу – цифрлы платформаны дамытудың жеке бағыты болмақ.

– Еліміздің жетекші заңгерлері мен қорғаушылары мамандандырылған білім беру курсын оқиды. Семинар Бас проку­ра­тура, Ішкі істер министрлігі, Адам құ­қықтары Омбудсменімен бірлесіп ұйым­дастырылады, – деп хабарлады Independent Research Institute Expert қоғамдық қоры.

Платформада ұсынылатын барлық ақпарат тыңдаушыларға ұсынымдық сипатта болатынын және коммерциялық негізге ие болмайтынын атап өткен жөн.

Бұл жоба Еуразия қорының қолдауымен АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын Орталық Азиядағы әлеуметтік инновациялар бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. USAID – әлемдегі жетекші халықаралық даму агенттігі және даму нәтижелеріне қол жеткізудің катализаторы. Қосымша ақпарат алу үшін USAID Орталық Азия веб-сайтына және Facebook парақшасына кіруге болады.