Оқиға • 04 Тамыз, 2022

Алматыда полиция қызметкері 49 жастағы әйелді қағып кетті

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда полиция көлігі әйелді қағып өлтірді. Бұл ақпаратты Алматы Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда полиция қызметкері 49 жастағы әйелді қағып кетті

Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінше, оқиға 3 тамызда сағат 23.25-те болған.

«Хюндай» маркалы қызметтік көлік жүргізушісі, патрульдік полиция полкінің қызметкері, 1993 жылы туған азамат Т.Жансүгіров көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Ақпаев көшесі қиылысында 49 жастағы әйелді қағып кеткен. Өкінішке қарай, әйел оқиға орнында қаза болды.  Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптамалар тағайындалды.

 

Соңғы жаңалықтар

Алғыс арқалаған хирург

Маман • Бүгін, 10:10

Қатерлі ісікпен алысқан

Медицина • Бүгін, 09:50

Үздік отбасылық дәрігер

Медицина • Бүгін, 09:40

Марқакөлдің мейіргері

Медицина • Бүгін, 09:30