Қоғам • 04 Тамыз, 2022

eGov.kz қызметі қалпына келді

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен eGov жұмысы қалпына келтірілді. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясы хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

eGov.kz қызметі қалпына келді

«ҰАТ» АҚ қызметкерлері» электронды үкімет» компоненттері, оның ішінде eGov.kz порталы, «Ашық үкімет» порталы, eGov мобильді қосымшасы және негізгі мемлекеттік деректер базалары (ЕЛ МДҚ, ЕҮТШ, ЕҮСШ ақпараттық жүйелері) жұмысын қалпына келтірді. Сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталықтарында, арнайы ХҚО-да және екінші деңгейлі банктерде мемлекеттік қызметтер қолжетімді», делінген хабарламада.

Еске салайық, 3 тамызда eGov.kz порталының жұмысында ақау шыққан болатын. Сондай-ақ Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен екінші деңгейлі банктерде де мемлекеттік қызметтер қолжетімсіз болды.