Аймақтар • 04 Тамыз, 2022

Атырауда заңсыз ойын орындары анықталды

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржылық мониторинг агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері заңсыз ойын орындарын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырауда заңсыз ойын орындары анықталды

«Анықталғандай, екі азамат 2021 жылдың тамыз айы мен 2022 жылдың маусым айы аралығында Атырау қаласында орналасқан монша ғимаратында және пәтерде тыйым салынған құмар ойынды жүзеге асырған. Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген ойын бизнесі тәртібін бұзу қылмыстық әрекеттері әшкереленді. Сот үкімімен екі адам қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысының 2 жылға бас бостандығы шектелді», делінген ресми хабарламада.