Спорт • 05 Тамыз, 2022

«Тобыл» «Зриньски» командасымен кездесті

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конференция лигасының 3-іріктеу кезеңіндегі матчта «Тобыл» босниялық «Зриньски» командасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды  Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

«Тобыл» «Зриньски» командасымен кездесті

«Под Белым Бригом» стадионында өткен кездесудегі жалғыз голды 76 минутта алаң қожайындары сапынан Янкович соқты. Қазақстандық клуб футболшылары бірнеше гол соғатын мүмкіндіктерін  жіберіп алды.

Матчқа португалиялық маман  Нобре  төрелік етті. Енді жауапты кездесу Қостанайда өтеді.