Әлем • 12 Тамыз, 2022

Еуропада маймыл шешегін жұқтырғандар көбейді

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропалық одақтың кейбір елдерінде маймыл шешегін жұқтырғандар саны өсуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еуропада маймыл шешегін жұқтырғандар көбейді

«Германияның Роберт Кох институтының мәліметі бойынша, 10 тамызда Германияда маймыл шешегін жұқтырған 3025 адам анықталды. Сараптама нәтижесі бойынша басым көпшілігі ерлер арасында тіркелген. Сондай-ақ сегіз әйел, екі жасөспірім және төрт жасар қыз ауырып қалды», деп хабарлады неміс мамандары.

Сонымен бірге Deutsche Aidshilfe АИТВ-мен ауыратын науқастарға көмек көрсету ұйымының өкілдері Германияда маймыл шешегіне қарсы вакциналардың шектеулі мөлшерде жеткізілетінін айтты.

Бельгияда маймыл шешегін жұқтырған алғашқы әйел тіркелді. Бельгияның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір ел тұрғындарына вакцинаның 3 мыңға жуық дозасы ғана қолжетімді. Осыған байланысты тәуекел тобына жататын адамдар Францияның вакцинасы жеткілікті көршілес аймақтарына барады.

Еурокомиссия өкілі сейсенбіде вакцинаның өндірістік қуаты шектеулі екенін айтты.