Теннис • 15 Тамыз, 2022

Ширек финалда ұтылды

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Канаданың Торонто қаласында теннис­тен жүлде қоры 2 527 250 АҚШ долларын құраған WTA 1000 турнирі аяқталды. Бұл жарыста еліміздің екінші ракеткасы Юлия Путинцева табысты өнер көрсетті.

Ширек финалда ұтылды

Үздіктер тізімінде 46 орында тұрған жерлесіміз тұсаукесер кездесуінде жергілікті теннисші Кэтрин Себоны сан соқтырып, екінші кезеңде әлемнің үшінші ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен күш сынасты. Алғашқы сетте қарсыласынан 2:4 есебімен ұтылып жатқан Путинцева ақырында жеңісті әйгілі қарсыласының уысынан жұлып әкетті – 7:5. Екінші сетті де отандасымыз сәтті бастаған еді, Бадоса жарысты жалғастырудан бас тартты. Үшінші айналымда Юлия WTA тізімінде 35 орынға тұрақтаған америкалық Элисон Рискені жолынан ығыстырды – 6:3, 7:5. Ширек финалда қазақстандық теннисші АҚШ-тың тағы бір өкілі Джессика Пегуламен кездесті. Әлемнің жетінші ракеткасына Юлия Путинцеваның әлі жетпеді – 3:6, 3:6.

Дәл осы турнирде Елена Рыбакина да бақ сы­наған еді. Бірақ Уимблдонда топ жарған жер­лесіміздің Торонтода жолы болмады. Ол екінші кезеңде америкалық Кори Гауффтан жеңілді.