Аймақтар • 20 Тамыз, 2022

Маңғыстау облысының тұрғынынан 200-ге жуық киік мүйізі табылды

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында 198 дана киік мүйізін сақтаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысының тұрғынынан 200-ге жуық киік мүйізі табылды

41 жастағы ер адам мүйіздерді Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылында өз үйінің қорасында сақтаған.

«18 тамызда Бейнеу аудандық полиция қызметкерлерімен бірге жоспарға сай «Киік» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде бейнеулік тұрғыннан 2 қапқа салынған 198 дана киік мүйізі табылды. Ол мүйіздерді сатып алғанын айтып отыр», деді «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің директоры Мыңберген Қаратауов.

Аталған факт тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.