Елорда • 22 Тамыз, 2022

LRT ісі: Бірнеше тұлғаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Р. М. Аманжолов және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс сотта қаралады, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

LRT ісі: Бірнеше тұлғаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

«Р. М. Аманжолов және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының іс жүргізуіне қабылданды», делінген елорда сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аталған қылмыстық іске қатысты алдын ала тыңдау 2022 жылғы 24 тамыз сағат 10:00-ға белгіленген.

Еске салсақ, елордадағы LRT-ның құрылысы 2019 жылы сәуірде тоқтатылған еді.

2020 жылдың қаңтарында LRT құрылысына қатысты істі тергеу шаралары аяқталды.

Сол жылы қазанда «Астана LRT» компаниясы бойынша іс сот қарауынажолданды.

Сондай-ақ, биыл 13 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен «Астана LRT» ЖШС Басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты қылмыстық істі сотқа жолданғаны туралы хабарлады.