Президент • 01 Қыркүйек, 2022

Ерікті медициналық сақтандыру жүйесін енгізетін уақыт жетті - Президент

9087 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында, Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерікті медициналық сақтандыру жүйесін енгізетін уақыт жетті - Президент

«Тіпті сақтандыру модельі тұрақсыз әрі жүйесіз дамуда. Бұл үлкен олқылық. Ерікті медициналық сақтандыру жүйесін енгізетін уақыт әлдеқашан жетті. Үкіметке денсаулық сақтау саласын және жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру жүйесін қайта қарауды тапсырамын. Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек. Мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігін тиімді пайдаланған жөн», деді Мемлекет басшысы.