Экономика • 01 Қыркүйек, 2022

Доллар арзандады

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеме жасап.

Доллар арзандады

Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,86 теңгеге төмендеп, 471,43 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 1 қыркүйектегі ресми бағамы - 1 доллар үшін 472,21 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 470,68 теңге, сату – 474,93 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 468,62 теңгеден сатып алынып, 472,65 теңгеден сатылуда.