Қоғам • 05 Қыркүйек, 2022

Атырау мұнай өңдеу зауытын жөндеу жыл соңына шегерілді

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау мұнай өңдеу зауытының жөндеу жұмыстары жыл соңына шегерілді. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау мұнай өңдеу зауытын жөндеу жыл соңына шегерілді
Оның айтуынша, жанар-жағармай тапшылығын болдырмау үшін бірқатар шара қабылданып жатыр. Атырау мұнай өңдеу зауытының жөндеу жұмыстары осы жылдың соңына ауыстырылған.
 
«Еске салсақ, бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытының күрделі жөндеу жұмыстары 15 қыркүйектен басталуға тиіс болатын. Енді кейінге қалдырып отырмыз», деді М.Мырзағалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
 
Компания басшысы Шымкент мұнай өңдеу зауытының жоспарлы жөндеуі 2022 жылдан 2023 жылға шегерілгенін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік қуаты жылына 14,2 млн тоннадан 17,2 млн тоннаға дейін ұлғайтылды.