Пікір • 09 Қыркүйек, 2022

Жастар жағада қалмаса екен

574 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елімізде күзгі қоғамдық-саяси науқан өте қызу басталды. Алдағы бір жыл Президент және Мәжіліс пен мәслихат сайлауы өтетін тартысты кезең болғалы тұр. Президент Жолдауында айтылған сан-салалы өзгерістерден жастар қауымы тыс қалмайтыны бізді қуанышқа бөлеп отыр.

Жастар жағада қалмаса екен

Жаңа Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-эконо­микалық даму бағытын белгілеп, экономикалық саясаттың жаңа форматын ұсынып отыр. Бұл орайда көптеген фактор – елі­міздің салық жүйесін цифр­ландыру, электр және кәріз жүйесін жаңғырту, тарифтерді реттеу бойынша көптеген күр­делі мәселе көтерілді. Атап өту керек, мемлекет пен жеке­мен­шік сектордың бірлесе жұ­мыс істеуі, жеке кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдау көрсету – бұрыннан басымдыққа ие сала болатын. Қазіргі таңда ұлан-ғайыр даламыздың бас­ты мәселесі – республика және жергілікті деңгейдегі автожолдардың сын көтермес жағдайы болып тұр. Әсіресе біздің Батыс Қазақстан облысында күйіп тұрған тақырып. Мемлекет басшысы Жолдауда қалааралық, ауыларалық жол құрылысы бойынша нақты тапсырмалар берді. Қазіргі таңда Ақжайық өңірі тұрғындарын толғандырып, халықтың зар-мұңына айналған осы мәселе тезірек шешілсе дейміз.

Кез келген мемлекеттің тірегі, келешегі – жастар. Қазіргі таңда бала тәрбиесі, ұрпақ тәрбиесі біз үшін өте маңызды. Өйткені еліміздің әрі қарай дамуы, өркендеуі болашақ жастардың қолында. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы атап айтты. Өз басым мектепке дейінгі білім беру жүйесіне ең жоғары деңгейде назар аударылғанына қуандым. Өскелең ұрпақ бойына білім мен тәрбиенің іргетасын құятын жер – балабақша. Алдағы күндері бала­бақша тәрбиешілерінің мәртебесі көтерілетініне қуаныштымыз.

Әлеумет үшін ерекше әсері бар жаңалық – ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуі дер едім. Мысалы, осыдан бір жыл бұрын ең төменгі жалақы 60 мың теңге болатын, енді ол 70 мың теңгеге дейін көтерілетін болды. Мен өңірдегі жастар ресурстық орталығының басшысы ретінде бұл өзгерістің нақты қандай әсері боларын жақсы білемін. Өйткені ең төменгі жалақы алатын топ­тың елеулі бір бөлігі – жастар. Мы­салы, «Жасыл ел» құрылыс жа­сақ­­тары жаз мезгілінде түрлі бағ­­дар­­лама бойынша қызмет етеді. Жа­лақының өсуі жастарға қосым­ша мотивация болатыны анық.

Президент алдағы жылда 100 мыңға жуық жас жаңадан жұмыспен қамтылатынын айтты. Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысы жастарының 3,9 па­йызы жұмыссыз саналады. Егер Мемлекет басшысының тапсырмасы толығымен жүзеге асса, біз бәріміз осы іске жұмылсақ, Ақжайық өңірінде жұмыссыз жас қалмайды деген ойдамын.

Қазіргі таңда жастар арасын­дағы кәсіпкерлікті дамыту, жас кә­сіпкерлерді мемлекет тара­пы­нан қорғау, қолдау бар екенін білеміз. Бірақ Президент Жолдауында айтылғандай, жастар кәсібін мемлекет тарапынан 2,5 пайыздық өсіммен несиелендіру – өте үлкен көмек, қолдау болмақ. Тек бұл бағдарламаны жан-жақты талқылап, әр өңірден ұсыныс-пікірді жинап, нақты шешім қабылдау керек деп есептеймін.

Жолдауда көтерілген ең ерекше әрі маңызды жаңалық – ел Пре­зидентінің кезектен тыс сайла­уы туралы. Қазіргі геосаяси күр­делі кезеңде бұл өте дұрыс шешім. Се­бебі нақты реформаны бастап, жү­зеге асыру үшін жеті жыл – жеткі­лікті уақыт. Одан кейін мәсли­хат пен Парламент Мәжілісі депу­тат­тарын сайлау науқанында арена­ға жаңа кадр, жас буын көбі­рек шығады деп күтемін. Бізде әлем­дік деңгейде білімді, сапалы жас­тар бар. Халықтың мұң-зарын тың­дай білетін жастар бар. Жаңа тол­қын депутаттары арасында солар­дың үлесін молырақ көргім келеді.

 

Асылан ТӘПИШЕВ,

Батыс Қазақстан облысы азаматтық альянсының президенті

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024