Пікір • 09 Қыркүйек, 2022

Ауыл шаруашылығына айрықша назар аударылады

436 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы «Әділетті Қазақстан» құру жолындағы тағы бір үлкен қадам екені сөзсіз.

Ауыл шаруашылығына айрықша назар аударылады

Бұл бастау алған саяси өзгерістердің жалғасы. Сондай-ақ Президенттің сөзі мен ісі бір жерден шығатынының айқын дәлелі. Мұның бәрі еліміздегі рефор­малар бағытының дәйекті­лігін және оның елдегі демократияны нығайтуға бағытталға­нын көрсетеді. Ең бастысы, Жолдауда қазақстандықтарды қазіргі күндері толғандырып отырған ең өзекті сауалдарға нақты жауап берілді.

Баршаға аян, кең-байтақ елі­міздің оңтүстік-шығыс шебі­не қоныс тепкен біздің аудан – негізінен аграрлық ай­мақ. Сондықтан Жолдауда ауыл шаруашылығына байланысты атап көрсетілген мәселелер айрықша назар аудартты.  Яғни бұл бағытта ұсынылған барлық реформа –  саланың жаңа жағдайда дамуына тың серпін беретін прогрессивті әрі уақтылы шаралар деп санаймыз. Шын мәнінде, игерілмеген жерлерді қайтару, су ресурстарының жетіспеуін азайту, жолдарды жөндеу – ең көкейкесті мәселелер. Ал ауылдардағы медицинаны дамыту нағыз шешімін күтіп тұрған сала болатын. Мұны да шешу жолын Мемлекет басшысы мүлтіксіз көрсетіп берді.

Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық саланы дамытуға да  айрықша назар аударылды. Әсіре­се әлеуметтік саладағы азамат­тардың мүддесі жан-жақ­ты қорғалуы үшін бірқатар бағалы бастама көтеріл­гені баршамызды қуантты. Әйелдер­дің зейнет жасын өзгерту мәсе­лесін оңды шешіп, 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдырғаны әйелдердің көңілінен шықты. Ана мен бала мәселесіне жете көңіл бөлі­ніп, бала күтімі үшін төлемақы сәби бір жарым жасқа толғанға дейін төлене­ті­ні де аса маңызды шара. Ал Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалар кәмелет жасқа толғанға дейін олардың арнайы шотына түсіп тұратыны тіптен тәнті етті. «Қазақстан халқына» қоры арқылы әлеуметтік әлсіз жандарға көмек көрсетілетіні де әлеуметтік әділдік пен теңдікті орнатудың бір құралы екені дау­сыз. Үкіметке жастарға арнал­ған жаңа 100 мың жұмыс ор­нын ашуды, оларға өз кәсі­бін ашу үшін 2,5 пайыздық жеңіл­детілген несие беруді тапсыр­ғаны – жастарымыздың мықты маман, іскер кәсіпкер болуына жол ашады деп ойлаймыз.

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»

 

Жалпы, көптен күткен бұл Жол­дауда мемлекетіміздің дамуы­на, халқымыздың әл-ауқа­тын жақсартуға қатысты ең ма­ңызды мәселелер түгел қамты­лып, оны орындауға байланысты  нұсқаулар  нақты атап көрсетілді.

 

Марат САҒЫМБЕК,

Панфилов ауданының әкімі

 

Жетісу облысы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024