Саясат • 13 Қыркүйек, 2022

Ортақ идея төңірегіне топтасуға шақырды

173 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Биылғы күз ел тарихындағы елеулі оқиғамен есте қалмақ­шы. Мерзімінен бұрын өтетін ­Пре­зидент сайлауы – мемлекет бола­шағы сынға түсетін тағдыр­шешті сәт. Ұлт зиялылары сай­лауда дұрыс таңдау жа­сау арқылы ғана мемлекетіміз­дің алдағы бағдарын айқындап, табысты келешекке қадам баса аламыз деген пікірде. Саяси науқан қарсаңында «Тоқаев­тың реформалары үшін» деп атал­ған жаңа қоғамдық қозға­лыс құрылып, Алматыда жалпы­рес­публикалық ұйымның алғашқы баспасөз мәслихаты өтті.

Ортақ идея төңірегіне топтасуға шақырды

Қоғамдық қозғалысты құру жө­нін­дегі бастаманы белгілі қоғам және саяси қайраткерлер, ғылыми және шы­­ғар­машылық зиялы қауым мен биз­нес-қоғамдастық өкілдері, мәде­­ниет және спорт қайраткерлері, сон­­дай-ақ қоғамдық ұйымдардың көш­басшылары көтерді. Олардың қатарында Мереке Құлкенов, Райым­бек Баталов, Ақберен Елгезек, Сергей Пономарев, Бекнұр Қисықов, Дәурен Қуат, Дәулеткерей Кәпұлы, Әділ Ахме­тов, Назгүл Қара­балина, Марат Шибұтов және тағы басқа да зиялы қауым өкілдері бар.

Жиналғандар бірлестік құрудың басты идеясы Мемлекет басшысының реформаларын қоғамдық қолдау мен оларды іске асыруға қажетті жағдай жасаудан туындағанын айтады.

«Жалпы, 2019 жылы басталған Президент реформалары кезең-кезе­ңімен жүзеге асып келеді. Қаңтар оқи­­ғасынан кейін қоғамды демократия­ландыру мен либералдандыру про­цестері қарқынды жүріп жатыр. Сон­­дық­тан азаматтық қоғам осы өзге­ріс­тердің бел ортасынан табылуы қа­жет деп санаймыз. Біздің қозғалыс үгіт-насихат үшін емес, процестерге қатысу үшін құрылған. Біз қазір реформаларды қолдап, осы маңызды кезеңді соңы­на дейін жеткізуіміз керек», деп атап өтті Қазақстан Жазу­шылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек.

Қозғалысты құрушылар партия­лық дода алаңын либералдандырып, мемлекеттік аппараттың кадрлық құ­рамын жетілдіру секілді маңызды мақ­саттарға бағытталған саяси жаң­ғыру – демократиялық процестерді жандандырып, азаматтық қоғамды дұрыс арнаға бастайды деп есептейді.

«Қазір еліміздегі саяси партия­лар, сондай-ақ саяси партия құруға дайын, тіркелу үстіндегі, сайлау нау­қандарына қатысу жоспары бар бір­лестіктер мен жеке тұлғалар бой көр­сетіп жатыр. Президент бү­гін­де барлық партиядан өзін шет­теді. Сондықтан реформаларды қол­дауға арналған қоғамдық қоз­ға­лыс құру ісін біз реформаларға қаты­су үшін неғұрлым тиімді әрі ыңғайлы ұйым деп санадық. Біз­дің қата­рымызға ниет білдірген бар­лық азамат қосыла алады. Қазақстан­дағы өзгерістерді жақтайтын адамдар саны басым болады деп сене­міз», деді бас­тамашыл топ өкілдері.

Қозғалыс мүшелері әрбір қазақ­стандықтың реформалардың ойдағы­дай іске асуына мүдделі екенін, себебі оның әрбір кезеңін іске асырған са­йын қарапайым ел азаматтарының әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейі көтеріле түсетінін атап өтті.

«Күні кешегі Жолдауда Президент өскелең ұрпақты қолдауға бағыттал­ған әлеуметтік-экономикалық сипат­тағы бірқатар шараны жариялады. Атап айтқанда, бала туғанда төлене­тін жәрдемақы мерзімін ұзарту, Ұлт­тық қор табысының бір бөлігін бар­­ша қа­зақстандық балалардың игілігі­не жұм­сау, «Самұрық-Қазына» таза ­та­бы­­сының 7%-ын «Қазақстан халқы» қо­рына аудару және т.б. Бұл – қаншама жылдан бері еліміздің әрбір азаматы енді ғана нақты сезінген келешек ұрпақ игілігіне арналған инвестиция. Бұл бастаманың алғашында халық ­арасында біраз әбігер тудырғаны бел­­гілі. Халық қазір осы бастамалар­дың барлығының нақты іске асқа­нын қалайды. Сол себепті біз осыларды аяғына дейін жеткізу үшін Мемлекет басшысына мүмкіндік беріп, жан-жақты қолдау көрсететін боламыз», дейді Халықаралық фармацевтика­лық өндірушілер қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин.

Кәсіпкерлер атынан сөз алған ­Ра­йым­бек Баталов, дәл қазіргі уақытта Пре­зидент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың тың реформаларын қолдау ел бола­ша­ғы үшін аса маңызды екенін атады. «Ол үшін біздің кәсібіміздің, қызмет ететін саламыздың сан алуандығына қарамастан, бір идея мен бастаманың төңірегінде бірігуіміз керек», деген пі­кі­рімен сөзін толықтырды кәсіпкер.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Прези­дентті бір ғана мерзімге сайлау тура­лы жаңа ұсынысын жұртқа жария етті. Бұл болашақта билікті меншіктеп алудың кез келген әрекетінің алдын алады. Депутаттардың Президентті жетіжылдық бір мерзімге сайлау және елордаға Астана атауын қайтару жө­ніндегі бастамасы – Әділетті Қазақ­станды құру жолындағы өте қажет әрі дұрыс қадам. Бұл жерде референдум өткізіп жатудың қажеті жоқ. Онсыз да бәрі түсінікті», дейді басқосуда сөз алған «Жұлдыз» журналының бас редакторы Мереке Құлкенов.

– Реформаның жолы ешқашан же­­ңіл болған емес. Бізді алдымызда әлі та­лай қиындық күтіп тұр. Ал оны біз бірік­сек қана жеңеміз. Біздің кү­ші­міз – бірлікте, әділетке сенуде. Біз тұлға­ның айналасына шоғырлану­ға үндеп отырған жоқпыз. Қайта идея­ның айналасына топтасуға шақыра­мыз. Елімізді саяси және экономика­лық тұрғы­дан реформалау – Әділетті Қа­зақ­станға жеткізетін жол, – деп пікір білдірді ­саясаттанушы Марат Шибұтов.

Қозғалысты ұйымдастырушы­лар, еліміз сынаққа толы кезеңді басы­нан өткеріп отырғанын, ешкімнің ескі жүйе бойынша өмір сүргісі кел­мейтінін, оңды әрі түбегейлі өзгеріс қана халық­ты жарқын келешекке жетелейтінін тілге тиек етті. Жиын соңында қо­ғамдық қозғалыстың бас­тамашы өкіл­дері үндеу жолдады.

        

АЛМАТЫ