Әлем • 16 Қыркүйек, 2022

Президент азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты сақтау жолын айтты

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларын ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын кеңейтуді ынталандыруға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты сақтау жолын айтты

«Біз ШЫҰ аймағында да, одан тыс жерлерде де ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын кеңейтуді ынталандыруымыз керек. Мемлекеттеріміздің халықаралық азық-түлік өндірісі мен жеткізу тізбегінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қатысуы әлемдік азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты сақтауға көмектеседі», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Сондай-ақ Президент Жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын қабылдауды өзекті деп санайтынын айтты.