Әлем • 18 Қыркүйек, 2022

Тайваньда жер сілкінісі болды

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы 24 сағат ішінде аралда 37 жер сілкінісі тіркелді. Дүмпудің күші 4-тен 7 баллға дейін болды, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Тайваньда жер сілкінісі болды

Қытай сейсмологиялық орталығы жер сілкінісінің магнитудасын 6,9 баллға бағалады.

Жер сілкінісі 18 қыркүйек күні Тайвань аралының шығыс жағалауында болды. Инфрақұрылым мен ғимараттардың зақымдануы туралы хабарлар әлі де келіп түсуде.

Жер сілкінісінің эпицентрі аралдың шығыс жағалауында орналасқан Хуалян уезінде орналасқан, жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте.

Қазіргі уақытта құрбан болғандар туралы ақпарат жоқ.

Статистикаға сәйкес, Хуалян уезіндегі жер асты дүмпулері аралдың басқа аймақтарына қарағанда жиі кездеседі. 2018 жылдың ақпан айында 6,5 баллдық жойқын жер сілкінісі 16 адамның өмірін қиған.