Қоғам • 22 Қыркүйек, 2022

Елорда атауының өзгеруі салық төлеушілердің тіркеу деректеріне әсер етпейді

181 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елорда атауының өзгеруі салық төлеушілердің тіркеу деректерін өзгертпейді. Тиісінше, қайта тіркеуден өту қажет емес. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Елорда атауының өзгеруі салық төлеушілердің тіркеу деректеріне әсер етпейді

Осылайша, елорданың Нұр-Сұлтан атауын Астана деп өзгерту салық тө­леу­­шілердің: жеке кәсіп­кер­лердің, жеке практикамен айналысатын жеке тұлға­лардың және резидент емес заңды тұлғалардың тір­кеу құжаттарын өзгертуге әкеп соқпайды. Елорданың бұ­рынғы атауы бар құжаттар да жарамды болады және мемлекеттік қызметті алу ке­зінде қолданылады.

Салықтарды және бюд­­жетке төленетін төлем­дер­ді есепке алу үшін банк рек­визиттері (БСН, мемлекеттік кірістер органдарының кодтары, ИИК, Қазынашылық комитетінің БИК, БСК, КНП) елорда атауының өзгеруі­не байланысты өзгеріссіз, бұ­рын­ғыдай қалады.

Тек мемлекеттік кірістер органдарының атаулары ғана өзгереді. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер де­пар­таменті Астана қаласы бо­йынша Мемлекеттік кіріс­тер департаменті болып өз­гереді, сәйкесінше Нұр-Сұлтан қаласының Алматы, Сарыарқа, Есіл, Бай­қоңыр аудандары, Астана-жаңа қала бойынша Мемлекеттік кірістер бас­қармаларының атауы Астана қаласының Алматы, Сары­арқа, Есіл, Байқоңыр аудандары, Астана-жаңа қала бойынша Мемлекеттік кіріс­тер басқармалары болып өзгереді. Бұл ретте МКД және МКБ атауларын өзгерту са­лық­тарды және бюджет­ке төленетін басқа да мін­детті төлемдерді төлеу тәр­тібіне әсер етпейді. Төлем құжат­тарындағы реквизиттерді толтыру кезінде МКД және МКБ атауын қолдап терудің қажеті жоқ.

Банктердің мобильді қо­сымшалары арқылы салық­ты төлеу кезінде мемлекеттік кірістер органдарының тізі­мінен тиісті Мемлекеттік кірістер басқармасын таңдау қажет. МКД және МКБ қайта тіркеуден өткенге дейін азаматтар төлем жасау кезінде тізімнен олардың ескі атауын таңдай алады.

Салықтар мен бюджет­ке міндетті төлемдерді тө­леу бойынша ағымдағы шот­тар­дың реквизиттері Қазақстан Республикасы Қаржы минис­трлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында орналасқан.