Саясат • 26 Қыркүйек, 2022

Екіжақты саудада оң динамика бар

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеуге жұмыс сапары аясында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығы мәселелерін талқылау үшін РФ Үкіметі төраға­сының орынбасары Алексей Оверчукпен кездесті.

Екіжақты саудада оң динамика бар

Келіссөздер барысында экономиканың түрлі салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері көтерілді. Қазақстан тарапынан көтерілген ең маңызды мәселелердің бірі – «Астрахань-Маңғышлақ» су таратқышын қайта құру жобасы, РФ-ға болат өнімдерін жеткізу, қазақстандық көмір мен темір кені шикізатының транзиті, сондай-ақ Қазақстанға тауарларды кедергісіз жеткізу кезіндегі шектеулер. Барлық мәселе бойынша кездесуге қатысушылар оларды пысықтау және жедел шешу үшін тығыз өзара ынтымақтастыққа дайын екендерін білдірді.

Тараптар екі ел арасындағы өзара сауданың оң динамикасын да атап өтті. 2022 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 13,7 млрд долларды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға жоғары (13,2 млрд).