Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2022

Ақан Сатаев «Қазақфильм» АҚ президенті қызметінен кетті

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақан Сатаевқа «Қазақфильм» АҚ президенті қызметінен өз еркі бойынша кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақан Сатаев «Қазақфильм» АҚ президенті қызметінен кетті

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

«Қымбатты достар, белгілі режиссер Ақан Сатаевқа «Қазақфильм» АҚ президенті лауазымында атқарған қажырлы, ең бастысы жемісті еңбегі үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Бүгін Ақан Қарғамбайұлы өз еркімен аты аңызға айналған киностудияның басшысы қызметінен босатылды. Оның шығармашылық жолы біздің кинематографымыздың дамуына үлес қосатын серпінді жобалармен толықтырылатынына сенімдімін», деп жазды министр.

Айта кетсек, Ақан Сатаев бұл қызметке 2020 жылдың шілдесінде тағайындалған еді.