Саясат • 05 Қазан, 2022

Түрікменстан президенті Қазақстанға келеді

459 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов қазан айында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Саяси консультациялар барысында белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түрікменстан президенті Қазақстанға келеді

Бейнеконференция форматында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қонысбаев пен Түрікменстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Вепа Хаджиевтің төрағалығымен қазақстандық-түрікмен саяси консультациялар өтті.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы қазандағы Ашғабатқа мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мен Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтың 2022 жылғы қазандағы Қазақстанға мемлекеттік сапарына дайындыққа, сондай-ақ түрікмен тарапының 6-шы АӨСШК саммитіне, ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесіне және «Орталық Азия - Ресей» саммитіне қатысуына ерекше назар аударылды», делінген ҚР СІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.