Футбол • 06 Қазан, 2022

«Барселона» жеңіліп қалды

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің үшінші тур ойындары өтті.

«Барселона» жеңіліп қалды

 

«А» тобының көшбасшысы италиялық «Наполи» Амстердамда «Аякспен» ойнап, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Топтағы екінші ойында «Ливерпуль» өз алаңында «Рейнджерстен» басым түсті – 2:0. «В» тобының аутсайдері саналған «Брюгге» Бельгияда «Атлетиконы» 2:0 есебімен қапы қалдырса, «Порту» дәл сондай есеппен «Байерді» ұтты.

«С» тобында «Интер» мен «Барселона» арасындағы ойында түркиялық Хакан Чал­ханоғлудың голы италиялық командаға же­ңіс сыйлады. Екінші матчта «Бавария» «Вик­тория» қақпасына жауапсыз бес гол соқты – 5:0. «D» квартетінде «Тоттенхэм» мен «Айн­трахт» тең түссе (0:0), «Марсель» Фран­цияда «Спортингті» 4:1 есебімен тізе бүктірді.