Елорда • 08 Қазан, 2022

Есіл өзеніне балық шабақтары жіберілді

419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Есіл өзеніне балық шабақтары жіберілді. Жыл сайын өткізілетін бұл іс-шараны барлық балық шаруашылығы ұйымдары жүзеге асырады, бұл еліміздің су айдынындағы балық түрлерінің санын реттеу үшін маңызды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Есіл өзеніне балық шабақтары жіберілді

Бұқтырма уылдырық шашу-өсу шаруашылығының инкубациялық цехтарынан Есіл өзеніне 100 000 ақ амур, 96 798 тұқы балығының шабағы жіберілді.

Балық шабақтары Есіл өзеніне арнайы жабдықталған көліктермен тасымалданады.
Ақ амур тұқы тұқымдасына жатады. Ол жыл сайын шамамен 10 сантиметрге дейін өседі. Ақ амур шөпқоректі, су және жер өсімдіктерімен қоректенеді.

Бұл балық нәзік әрі етінің дәмділігінің арқасында жұртшылық арасында сұраныс жоғары. Бұл балық көп қоректенеді және жылдам өседі. Олар қамыс өсінділерімен, балықтар мен бақалардың уылдырығымен, құрттар, шаян тәрізділер, жәндіктермен қоректенеді.

И

«Балықтандыру Астана қаласы мәслихатының депутаты, елорданың қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы, Есіл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы, су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы, қалалық экология департаменті, Ақмола облысы бойынша «Қазақрыбхоз» балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің Республикалық Қауымдастығы, «Жаснұр» ЖШС өкілдерінің, «Бұқтырма уылдырық шашу-өсу шаруашылығы» ЖШС, сондай-ақ балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығы жанындағы экологиялық үйірменің 8 сынып оқушылары, елорда тұрғындары қатысуымен жүргізілді», делінген хабарламада.