Пікір • 10 Қазан, 2022

Белсенділік көрсететін сәт

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түрлі оқиғаларға толы 2022 жыл Қазақстан тарихындағы бетбұрысты белеске айналды. Билік құрылымында үлкен өзгерістер жүзеге асты. Конституциялық қайта құру билікті демократияландыруға және оны монополияландырудан бас тартуға бағытталды.

Белсенділік көрсететін сәт

Жыл басынан бері тек өзгерістерге ғана емес, сондай-ақ президенттік және партиялық сайлау платформаларында оларды жүйелі түрде рәсімдеуге деген қажеттілік айқындалды. Ол үшін жаңа президенттік және парламенттік сайлау жарияланды.

Ел ішіндегі саяси алаңда Қазақстан­ның айқын өзін-өзі анықтауы, болашақ Президенттің халық бірлігінің кепілі ретіндегі іс-қимылының айқын бағдар­ламасы реформаларды одан әрі дәйекті және тұрақты іске асыру үшін халықтың сұранысын қанағаттандыруға тиіс.

Конституциялық сайлау талаптарына сай келетін үміткерлердің ел дамуына қатысты өз көз­қарасын ұсынуға мүмкіндік туып отыр. Қоғам­дық бірлестіктер жағ­дайдың өзіндік мони­торингіне, дерек­терді талдауға сүйене оты­рып, халық­тың мүдделерін артикуляция­лау үшін өз көшбасшыларын ұсына алады. Бұл элек­торалдық белсенділікті көрсетудің жақсы мүмкіндігі.

Жыл басынан бері кейбір сарапшылар болжап отырған президенттік сайлау Қазақ­станды жаңа тарих кезеңіне түпкілікті шығарып, әділ мемлекет қалыптастыруға бағытталған.

Биылғы жолдауларда және референдумда қабылданған қадамдарда қазіргі билік­тің негізгі бағыттары белгіленген. Олар сай­лауда жеңіске жеткен жағдайда билік дәл сол қадамдарды ұстануға ниетті. Бұл – өт­кен тәжірибе мен болашақтың сын-қатер­лерін ескере отырып, Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына бағыт­талған қадам.

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»

 

Татьяна ЛИПИНА,

Президент жанындағы ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024