Оқиға • 10 Қазан, 2022

Павлодар облысында жоғалып кеткен екі балықшының мәйіті табылды

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 қазан сағат 12:30 шамасында танысын ертіп алған ер адам УАЗ көлігімен Кутояксор көліне балық аулауға кетіп, үйіне оралмаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
 

Павлодар облысында жоғалып кеткен екі балықшының мәйіті табылды

Кеше Павлодар облысында жоғалған балықшылар іздестіріле бастаған. Бүгін таңертең олардың көлігі мен заттары табылғаны туралы ақпарат жарияланды. Ал түстен кейін балықшылардың өлі табылғаны туралы ақпарат шықты.

«10 қазан күні сағат 14.00 шамасында іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Қутаяксор көлінде 8 қазанда хабар-ошарсыз кеткен екі балықшының денесі табылды. Жергілікті жерде полиция және ТЖ қызметкерлері жұмыс істеуде. Мәйіттер бойынша сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімін қабылдаймыз», деді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.