Қазақстан • 10 Қазан, 2022

Министрлік Путиннің Астанаға келетінін растады

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей президенті Владимир Путин саммиттерге қатысу үшін Астана қаласына келеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрлік Путиннің Астанаға келетінін растады

Оның айтуынша, Ресей президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының саммитіне және Орталық Азия-Ресей саммитіне қатысады.

«Ресми ақпарат бар. Владимир Путин барлық іс-шараларға қатысады», деді Айбек Смадияров.