Қазақстан • 10 Қазан, 2022

Түрікменстан президенті Қазақстанға келеді

487 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов 15 қазанда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түрікменстан президенті Қазақстанға келеді

«Мемлекет басшысының шақыруымен 15 қазанда Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтың Қазақстандағы алғашқы мемлекеттік сапары өтеді. Сапар екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толатын жылы өтуде. Бұл сапар саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты, сондай-ақ Қазақстан-Түркіменстан стратегиялық әріптестігін нығайтуға бағытталған», деді Айбек Смадияров журналистерге арналған брифингте.

Ресми өкілдің айтуынша, сапар барысында тараптар кең ауқымды мәселелерді, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылауды жоспарлап отыр. Шара нәтижесінде бірқатар екіжақты құжатқа  қол қою жоспарлануда.