Қоғам • 11 Қазан, 2022

Кезектен тыс Президент сайлауына тағы бір кандидат ұсынылды

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына тағы бір әйел кандидат ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кезектен тыс Президент сайлауына тағы бір кандидат ұсынылды

Бүгін елордада «Қазақ аналары-дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің жиыны өтті. Жиын барысында бірлестік атынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат болып Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы ұсынылды. Оның кандидатурасын жиынға қатысқан қауымдастықтың 20 мүшесі және бейнебайланыс арқылы қосылған 18 ұйым мүшесі қолдады.

Салтанат Тұрсынбекова – белгілі қоғам қайраткері, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары. Соңғы жылдары ол тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес және оның алдын алуға арналған бірнеше жобаларға жетекшілік етті.

1966 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Мемлекеттік қызметте 30 жылдан астам тәжірибесі бар.

«Қазақ аналары-дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігі бүгін Орталық сайлау комиссиясына Салтанат Тұрсынбекованың құжаттарын тапсыруды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар

Оқырманға жол тартты

Басылым • Бүгін, 00:25

Ғасырлар үні

Руханият • Бүгін, 00:13

Керек дерек

Технология • Кеше