Коронавирус • 13 Қазан, 2022

Елімізде коронавирус жұқтырғандар қайта көбейді

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастарға қатысты жаңа деректермен бөлісті. Қазіргі уақытта елдегі стационарларда 106 пациент емделіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар қайта көбейді

Осыдан екі күн бұрын Қазақстанда 50 науқас анықталды. Ал өткен тәулікте елде КВИ жұқтырудың 58 жаңа жағдайы анықталды.

13 қазандағы жағдай бойынша, Қазақстанда 1075 адам індеттен емделіп жатыр.

Коронавируспен ауырғандардың ішінде:

  • ауыр жағдайда - 4 науқас,
  • өте ауыр жағдайда - 4 науқас,
  • ӨЖЖ - 2 пациент.