Пікір • 14 Қазан, 2022

Қолдауға тұрарлық бастама

113 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордада өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің VI саммитінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы Астанада Жастар кеңесінің мұрындық болуымен ел көшбасшыларының кездесуін өткізуді ұсынды. Бұл – қолдауға тұрарлық өзекті бастама.

Қолдауға тұрарлық бастама

 

Өйткені тәжірибе алмасу үшін волонтерлік қозғалыс жетекшілерінің басқосуы қай елге де болмасын пай­далы болмақ. Естеріңізде болса, өткен жылы «Асыл жүрек» республикалық еріктілер слеті ұйымдастырылды. Президенттің келер жылы Аста­нада АӨСШК елдері еріктілер қоз­ғалыстары жетекшілерінің жиынын өткізу ұсынысы осы тұрғыдан алып қарағанда өте жақсы идея. Се­бебі соңғы бірнеше жылда елімізде волонтерлік жобалар мен ұйымдардың саны көбейгенін көріп отырмыз. Халықтың волонтерлік қозғалыстарға қатысуы күн сайын артып келеді. Еріктілер тек жастардан ғана құралмайды, мысалы, студенттер немесе оқушылар ғана емес, сонымен қатар орта жастан асқан қазақстандықтар да волонтерлер құрамында жүр.

Әлемнің әртүрлі елдеріндегі волонтерлік қозғалыстардың өзіндік ерекшеліктері, өзіндік тәжірибесі және қалыптасу тарихы бар. Қозғалыс жетек­шілері өз тәжірибелерімен, жұмыс нәтиже­лерімен бөлісетін осын­дай халық­аралық деңгейдегі бас­қосудың өткізі­луі тиімді болмақ. Еріктілер қабілет­терін арт­тыру үшін шеберлік сабақ­тарына, тренингтерге қатыса алады.

Мемлекет басшысы ұсынған еріктілер тобы қазақстандықтардың азаматтық белсенділігін дамытуға, ел тұрғындары үшін игі және пайдалы істерді жасау дәстүрге айналуы үшін пайдалы болмақ. Пандемия кезінде қазақстандық волонтерлердің көмекке мұқтаж жандарға қалай қолұшын созып, қолдау көрсеткенін көрдік, бұл бәріне үлгі боларлық қасиет. Осы тұрғыдан алып қарағанда еріктілер қозғалысы көшбасшыларының кездесуі азаматтық белсенділікті арт­тырады деп сеніммен айта аламын.

 

Регина АЮПОВА,

Қоғамды жаңғыртуды әлеуметтік зерттеу орталығының қызметкері

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024