Қоғам • 17 Қазан, 2022

Қазақстанда балық 15%-ға қымбаттаған

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда бір жыл ішінде балық 15%-ға күрт қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда балық 15%-ға қымбаттаған

Energyprom сарапшылары келтірген дерекке сәйкес:

  • жаңа немесе салқындатылған балық - 15%-ға;
  • мұздатылған балық - 15,1%-ға;
  • мұздатылған асшаяндар - 26,4%-ға қымбаттаған.

Әсіресе Павлодар, Қостанай және Маңғыстау облыстарының тұрғындары бағаның қымбаттағанын қатты сезінді.

Осылайша:

  • тұздалған майшабақ бір жылда 34,2%-ға;
  • балықтың дәмді консервілері - 29,6%-ға;
  • майдағы шпроттар - 24,9%-ға;
  • суық ысталған скумбрия - 23,8%-ға;
  • тұзды балық - 22,2%-ға;
  • қызыл уылдырық - 21,2%-ға.

Қорытындылай келе, 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 30,9 мың тонна жаңа, салқындатылған және мұздатылған балық өндірілді.