Елорда • 19 Қазан, 2022

Елордада Іскер әйелдер қауымдастығы Жолдауды талқылады

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында Іскер әйелдер қауымдастығы Президент Жолдауын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада Іскер әйелдер қауымдастығы Жолдауды талқылады

«Біз Іскер әйелдер қауымдастығы бас қосып, Президент Жолдауын талқыладық. Ел боламын десең бесігіңді түзе дейді. Бүкіл Қазақстан бойынша 800 мың балаға мектептер салу, 32 жаңа аурухана салу, әйелдердің бала күтімі бойынша демалысын 1,5 жылға созу секілді өзекті бастамаларды талқыладық», деді Қазақстан әйелдері күштерінің альянсы төрайымының орынбасары Баян Таукебаева.

Жиын барысында журналист, Астана қаласы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Айгүл Мүкей Жолдауда айтылған маңызды бастамаларға тоқталып өтті.

«Атаулы әлеуметтік көмек, сол сияқты әлеуметтік көмек түрлері, денсаулық сақтау, ана мен баланың денсаулығы, балалар капиталы. Мұның бәрі бүгінгі қоғамның тиісті деңгейде өмір сүруі үшін жасалған», деді А. Мүкей.