Елорда • 02 Қараша, 2022

Экология министрі елорда тұрғындарымен кездеседі

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің Астана қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Экология министрі елорда тұрғындарымен кездеседі

С. Брекешевтің Астана қаласының тұрғындарымен кездесуі 4 қараша сағат 15:00-ге жоспарланған. 

Кездесу Астана қаласына қарасты Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында өтеді. 

«Онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Facebook, Youtube әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өткізіледі», деп жазылған хабарламада.

Халықпен кездесу барысында коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер, азаматтарды жеке қабылдау, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг ұйымдастырылады.