Ауа райы • 03 Қараша, 2022

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

429 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктердің мәліметінше, 3-5 қараша аралығында елімізде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

«4-5 қарашада күндіз республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығыстағы тау бөктеріндегі аймақтарда қатты жауын-шашын күтіледі. 5 қарашада түнде Қазақстанның оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады», делінген  Қазгидромет хабарламасында.

Республика бойынша солтүстік-батыс, солтүстік облыстарда тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, аздаған бұрқасын күтіледі.