Қазақстан • 04 Қараша, 2022

Елорданың жерасты су құбыры желілеріне тексеру жүргізіледі

193 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Экология министрі Серікқали Брекешев елорда тұрғындарының алдында  баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Елорданың жерасты су құбыры желілеріне тексеру жүргізіледі

Бүгін Серікқали Брекешев Астананың экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар мен су ресурстарының жай-күйі жөнінде айтты.

Жалпы экологиялық жағдайды жақсарту үшін өңірлер бөлінісінде ұлттық жоба және жол карталары шеңберінде жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Елорданың жеке секторын газдандыру жалғасуда. Табиғи газға 13 дербес қазандық қосылған. 

Қалалық көліктің шығарындыларын азайту мақсатында елорда әкімдігі биыл 100 бірлік электр автобустарын сатып алып пайдалануға берді, қаланың коммуналдық кәсіпорындарының автокөлік құралдарының 75%-ы газ отынына ауыстырылды, қалалық такси паркін ГБҚ-ға ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілген.

Қалдықтарды басқару мәселелері жөнінде айтқанда, рұқсат етілмеген полигондар мәселесі әлі де алаңдатып отырғанын хабарлады. Биыл космомониторингтің көмегімен 551 полигон анықталып, оның 46%-ы ғана жойылған.

«Полигондардың ұлғаю себебі жаңа Экокодекстің талаптарына байланысты, оған сәйкес қоқыс шығаратын ұйымдардың тізілімі жүргізіледі және құрылыс қоқыстарын қала шегінен шығаруға тыйым салынады. Полигондарды жою үшін кесте жасалды. Алайда полигондар жойылған жоқ. Елордалық экология департаментіне осы бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырамын», деді ведомство басшысы.

Бұдан өзге су ресурстарының жай-күйі мен кәріз жүйесіндегі проблемаларға тоқталды.

Су ресурстарының ластануын болдырмау мақсатында әкімдікке барлық абоненттерді орталықтандырылған кәрізге қосу бойынша жұмысты ұйымдастыру, нөсер ағындарының коллекторына рұқсатсыз ағызуды болдырмау бойынша бақылауды қамтамасыз ету, заңсыз ағызу көздерін анықтау үшін қаланың жерасты су құбыры желілеріне тексеру жүргізу және инженерлік су құбыры желілерін жөндеу мен оларды «Астана су арнасы» МКК тазарту станцияларына қосуды қамтамасыз ету ұсынылды.