Әдебиет • 07 Қараша, 2022

«Анна Каренина» қазақ тілінде жарық көрді

484 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында белгілі ақын, аудармашы Ғали Ормановтың 115 жылдық мерейтойына орай, оның Лев Толстойдан аударған «Анна Каренина» романының қазақ тіліндегі кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Анна Каренина» қазақ тілінде жарық көрді

Аталған туынды Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен «Мазмұндама» баспасында жарық көрді.                         

Алғашында 500 данамен шыққан еңбек оқырмандардың сұранысына ие болып, 2000 тиражға жеткен.

Бұл ретте Ғали Ормановтың аударма саласына сіңірген еңбегі орасан зор екенін атап өту керек. Ол қырғыздың «Манас» эпосының бірінші кітабын, Пушкиннің «Қола шабандоз» туындыларын қазақ тіліне тәржімалаған. Іс-шара барысында Ұлттық кітапханада «Сырлы сезім ақыны» атты Ғали Ормановтың шығармашылығы мен өміріне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.     

Іс-шараға ақының қызы Жамиға Орманова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Кәкен Хамзин,  «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Қайрат Мәтіреков, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының Алматы қаласындағы филиалының жетекшісі Сәуле Жиреншина, филология ғылымының профессоры Гүлжаһан Орда, Қазақстан Жазушылар кітапхана меңгерушісі, «Құрмет» орденінің иегері Елена Ағайса, Астана қаласындағы №88 мектеп-гимназиясының директоры Жанат Тұрысбекқызы, Астана қаласындағы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия директорының орынбасары Қаметова Айгүл, белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан, кітапхана қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, тарихшылар мен ғалымдар және туған жері Жетісу облысынан келген арнайы делегация қатысты.