Қоғам • 09 Қараша, 2022

Каспий жағалауында 130-дан астам өлі итбалық табылды

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің жағалауынан 131 итбалық өлексесі табылды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Каспий жағалауында 130-дан астам өлі итбалық табылды

Қазіргі уақытта жануарлар өлген жерде ғылыми институттар мен ұйымдардың, сондай-ақ ветеринариялық қызметтер гидробиологиялық, гидрохимиялық талдаулар үшін су мен топырақтың, сондай-ақ тіндердің, оның ішінде итбалықтардың ішкі мүшелерінің гистологиялық зерттеу үшін тиісті үлгілерін алған. 

2022 жылғы 7 қарашада Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының полиция бөлімінде каспий итбалықтарының өлу фактісі тіркелді, жануарлардың өлу себептері мен басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.