Қазақстан • 09 Қараша, 2022

Елордада жаңа перинаталдық орталықтар салынады

197 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов медицина мекемелерінің басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада жаңа перинаталдық орталықтар салынады

«Медициналық мекемелердің басшыларымен медкөмектің сапасын арттыру және медорталықтарды одан әрі жарақтандыру мәселесін талқыладық. Осыған дейінгі кездесуде медицина қызметкерлерімен әрі тұрғындарымызбен атқарылуы тиіс жұмыс жоспары жасалған. Олардың басым бөлігін орындадық», деп жазды әкім Инстаграм парақшасында.

Кездесу барысында меднысандар салу және жөндеу, кадрларды даярлау, объектілерді толық жарақтандыру, «Қауіпсіз аула» жобасын енгізу сынды мәселелер қозғалған. 

Сондай-ақ қала әкімі талқыланған мәселелер мен атқарылған жұмыстар туралы жазды. 

Бірінші. Денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамыту

Елорданың ауқымды жобаларының бірі ТЖ ауруханасының (№3 көпсалалы қалалық аурухана) «Ramada Plaza» ғимаратына көшуі. Ескі ТЖ ауруханасының аумағына жаңа перинаталдық орталық салынады. Алматы ауданы – №1 көпсалалы қалалық ауруханасының жанынан тағы бір перинаталдық орталық тұрғызылады.

Бірқатар медициналық мекемеге жөндеу жүргізу, «Жағалау-3» және «Нұрлы жол» вокзалы ауданында амбулаториялық-емханалық кешендерінің, Көктал-1, Пригородный, Телман және т.б. елді мекендерде алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталықтарының құрылысы жоспарланған.

Екінші. Медицина қызметкерлеріне жағдай жасау

Келесі жылы дәрігерлердің жалақысын тағы 35%-ға, ал орта буын медицина қызметкерлерінің жалақысын 10%-ға арттыру жоспарланған.

Кадрларды жұмылдыру үшін арнайы гранттар бөлінеді. Сондай-ақ медицина қызметкерлеріне арнап жатақхана салу жоспарланған.

Үшінші. Материалдық-техникалық база

Соңғы 3 жылда медицина мекемелері 3 мыңға жуық арнайы жабдықпен жабдықталған. Олар: ультрадыбыстық аппараттар, компьютерлік томографтар, желдеткіштер, жылжымалы флюорографиялық кешендер, цифрлы рентгенографиялық жүйелер және т.б. Бұл жұмыс әрі қарай да жалғасын табады.

Төртінші. Жедел медициналық жәрдем станциясы

Биыл жедел медициналық жәрдем станциясына 55 арнайы машина берілген. 

 а