Аймақтар • 09 Қараша, 2022

Рухани сабақтастық рәуіштері

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Радио­элек­троника және байланыс әскери-инженерлік институтының кітап­ха­­насында Қазақстан мен Қырғызстан мем­ле­кет­терінің мәдени қа­рым-қатынасын ны­ғайту мақ­сатында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Рухани сабақтастық рәуіштері

Іс-шара институттың жеке құрамын қырғыз халқының әдебиеті, мәдениеті және салт-дәстүрімен таныстыруға ба­ғытталған. Көрмеге екі ел ара­­сындағы тарихи қарым-қа­тынастар туралы деректер мен қырғыз жазушыларының шы­ғармалары қойылды. Өз кезегінде қырғызстандық курсанттар мәдени бағдарлама ұйымдастырды, өлең оқып, екі тілде ән шырқады.

– Екі елдің түбі бір, тарихы мен мәдениеті де ортақ. Отанымыздан шет жүрсек те, қазақ елінде ешкім бізді сырт­қа тепкен жоқ, қайта жылы қабылдап, бауырларына тартып келеді. Алыстағы ата-аналарымыз да біз үшін алаңдамайды, қазақ халқының бай мәдениеті мен тарихы жанымызға жақын, – дейді институттың 5-курс сту­денті Алханбек Болкоев.

Іс-шара барысында бауыр­лас қазақ пен қырғыз руха­ниятында есімдері қатар ата­латын Жамбыл мен Тоқ­та­ғұл, Сүйінбай мен Қатаған, Әуезов пен Айтматов секілді тұғырлы тұлғалардың шы­ғар­машылығына шолу жасалды. Курсанттарға екі елдің өт­кені мен бүгіні, тарихи са­бақтастығы туралы арнайы әзірленген бейнематериал көр­сетіліп, салт-дәстүрлеріне қа­тысты эстафеталық ойындар ой­натылды.

Ұжымдық қауіпсіздік ке­лісімі ұйымының бағдар­лама­сы бойынша әскери инсти­тутқа Қырғызстан мемлекетінің өкілдері де қабылданады. Бү­гінге дейін аталған әскери білім ошағын 18 қырғызстандық курсант бітіріп, 8 курсант білімін шыңдап жүр.

 

АЛМАТЫ