Медицина • 12 Қараша, 2022

Елімізде 800-ге жуық адам коронавирустан емделіп жатыр

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда 796 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Елімізде 800-ге жуық адам коронавирустан емделіп жатыр

Оның ішінде 79 пациент стационарда, 717 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

- 7 адамның жағдайы ауыр

- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр

- бір науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.