Аймақтар • 12 Қараша, 2022

Солтүстік Қазақстанда 11 мас жүргізуші ұсталды

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

9 қарашада Қазақстанда басталған «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде солтүстікқазақстандық полицейлер мыңнан астам үйлерді, саяжайлар мен қараусыз қалған ғимараттарды аралап шықты, 200-ге жуық жалдамалы пәтерді тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік Қазақстанда 11 мас жүргізуші ұсталды

Профилактикалық есепте тұрған 1330-дан астам адам, оның ішінде 164 қолайсыз отбасының жай-күйі барланды. Нәтижесінде мыңға жуық түрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың басым бөлігі – тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрған. Олардың жалпы саны - 222. Бұлардан басқа полицейлер алкогольді ішімдіктерді ішудің және қоғамдық орындарда мас күйде жүрудің 199, ұсақ бұзақылықтың 88 фактісін тіркеді.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де ерекше мән берілді. Іс-шара шеңберінде 180 бұзушылық жаяу жүргіншілер тарапынан анықталды.  Жылдамдықты асырудың 58 фактісі тіркелді. Тексеріс жүргізген 2 күнде 11 жүргізушінің рөлге ішімдік ішіп алып отырғаны анықталды. Қандай қатаң шаралар қолданылып, жүргізушілік куәліктерінен айрылып, тіпті бас бостандығы шектеліп жатса да жүргізушілер рөлге ішіп алып отыруын тоқтатар емес.