Аймақтар • 13 Қараша, 2022

Солтүстік Қазақстанда жыл басынан бері 42 адам қаза тапты

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 қараша күні Петропавлда автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік Қазақстанда жыл басынан бері 42 адам қаза тапты

Украинская көшесінде ВАЗ-21154 автокөлігінің жүргізушісі жолдың рұқсат етілмеген жерінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 39 жастағы әйел дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жатқызылған.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша жиналған материал қажетті процессуалдық әрекеттер жүргізу және тиісті шешім қабылдау үшін Петропавл қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне жіберілді.

«10 айда СҚО жолдарында 258 жол апаты тіркелді, салдарынан 42 адам қаза тауып, 365 адам жарақаттанды», деп жазылған ІІМ таратқан мәліметте.