Оқиға • 14 Қараша, 2022

Атырауда қоғамдық көлік жол апатына ұшырады

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға 13 қарашада сағат 15:00 шамасында болған, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырауда қоғамдық көлік жол апатына ұшырады

«1969 жылы туған автобус жүргізушісі негізгі жолмен келе жатқан ВАЗ-2114 көлігіне жол бермеген. Салдарынан екі көлік бір-біріне соғылған. Соққының әсерінен автобус бетон бағанға барып тірелген», деп жазылған хабарламада.

Оқиға салдарынан 1998 жылы туған жүргізуші мен жеңіл көліктің ішінде болған жолаушы зардап шекті.