Оқиға • 14 Қараша, 2022

Астанада Сирия бойынша келіссөздер өтеді

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-23 қарашада Астанада Сирия бойынша келіссөздердің жаңа кезеңі өтеді. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада Сирия бойынша келіссөздер өтеді

Оның айтуынша, келіссөздерге Ресей, Түркия, Иран, Сирия үкіметі мен Сирия оппозициясының делегациялары қатысады. Бақылаушылар ретінде БҰҰ, Иордания, Ливан және Ирак өкілдері келеді деп күтілуде.

«2022 жылғы 22-23 қарашада Астана қаласында Сирия бойынша кезекті 19-шы Халықаралық кездесу өтеді»,  деді ҚР СІМ ресми өкілі.

Күн тәртібіне келесі мәселелер енгізіледі:

  • Сириядағы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық жағдай;
  • Саяси процесті кешенді ілгерілету;
  • Сенім шаралары, соның ішінде кепілге алынғандарды босату және хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу;
  • Сирияны жанжалдан кейін қалпына келтіру және сириялық босқындардың отанына оралуына жағдай жасау мақсатында халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін жұмылдыру.

СІМ ресми өкілі атап өткендей, бірінші күні кепілгер елдердің екіжақты және үшжақты консультацияларын өткізу, сириялық тараптармен келіссөздер жүргізу, байқаушы тараптардың делегацияларымен байланыс орнату күтілуде.

Екінші күні консультацияларды жалғастыру, пленарлық отырыс және баспасөз конференциясы жоспарлануда.

Бұдан басқа, келіссөздер шеңберінде БҰҰ-ның кепілдік беруші елдері мен сарапшыларының, сондай-ақ Халықаралық Қызыл Крест комитетінің қатысуымен күштеп ұсталатын адамдар бойынша жұмыс тобының отырысын өткізу жоспарланған.