Қоғам • 15 Қараша, 2022

Абай облысында қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына пәтер берілді

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысында қаза тапқан өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасына пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысында қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына пәтер берілді

7 қыркүйекте Жарма ауданындағы дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаев қатты күйік алып, қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан еді. Марқұмның артында бес баласы қалды.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының өрт сөндірушілерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев пен Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков Айдос Тоғызбаевтың отбасына ҚР Президентінің атынан III дәрежелі «Айбын» орденін табыс етті.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайтыс болған өрт сөндірушінің отбасына Семей қаласынан үш бөлмелі пәтер берілді.

«Фирма Азия» ЖШС өкілдері мен облыстық мәслихат депутаты Әсемхан Досқожанов «Қарағайлы» шағын ауданындағы тұрғын үйлердің біріндегі пәтердің кілттерін марқұм Айдос Тоғызбаевтың жұбайы мен балаларына табыстап, қоныс тойымен құттықтады», делінген хабарламада.